Шымкентте бала күтуші болып жалданған Гүлчехра Оразбаеваға бүгін сот 8 жыл жаза кесті. Ата-анасы жоқ кезде төрт жасар Аяжан есімді қызды жылағаны үшін аяусыз ұрып-соққаны толық дәлелденді. Алайда, қатыгез әйелдің ауыр соққысынан кейін ауруханаға түскен баланың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Осылайшакүтушіге екі баласын алаңсыз тапыстаған отбасы қапияда қара жамылып қалды.
Hide player controls
Hide resume playing