Бүгін «Сөздің шыны керекте» сотта қаралып жатқан екі бірдей қылмыстық іске тоқталмақпыз. Бірі - осыдан жеті жыл бұрын елордада кәсіпкер Олжас Мұқажанов пен танысын Бәйтеректің түбінде атып кеткендер жайлы. Екі күн бұрын осы іске қатысты Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы - Олжас Мұқажановқа оқ атып, тапанша кезенген екі сотталушыны ақтады. Оларға тағылған «адам өлтіруге ұмтылу» бабы - бұзақылық бабына ауыстырылды. Әлі күнге басына тиген оқтың зардабын тартып, денсаулығынан, кәсібінен де айырылған азаматтың жанайқайын айтамыз. Екінші іс те осыған ұқсас. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында осы жылдың қаңтарында қайтыс болған 17 жастағы Нұрдәулет Бұрышбайдың жақындары да, ұлдарының өліміне қатысты күдікке ілінгендердің қалай бұл істің куәгеріне айналып кеткенін түсінбей дал. Алдымен, үш оқ тиіп, аман қалған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істің бабы қалай өзгеріп кеткенін айтайық. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -
Hide player controls
Hide resume playing