Бөбегім менің… Айлы түнде арман қуам сен жайлы, Сені аңсаймын, тамашалап нұрлы айды. Саған арнап, серенада шырқар ем, “Жаным” дерлік, жақыным жоқ жанымда маған дағы сол қайғы... Сағындым ғой, мөлдіреген көзіңді, Сағындым ғой,“көкем“ деген сөзіңді. Бұйырған күн мен өзіңе жетермін, Сол күнге дейін, сағынамын өзіңді... Ботақаным- аңсап жүрем мен сені, Сенсің жаным, бақытымның бөлшегі. Сенсің жаным, болашағым арайлы, Ботақаным- өмірімнің өлшемі... Орда бұзар шағымда, сен әкелдің жаңа леп, Өзіме өзім қайран боп, таң-тамаша қалам кеп! Менен бұрын туылсаң да, кішіпейіл кейіппен, Езу тартып, еркелейсің “АҒАМ” деп!
Hide player controls
Hide resume playing