ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ. Нұртуған Кенжеғұлұлы (тест) Өзімшіл надандыққа нәпсі масыл, Зұлымдық сол үйретер айла, тәсіл. Жаралған бойыңдағы бар мүшеңнен Таза ұстай білсең егер жүрек асыл. Жүректі өте қиын таза сақтау, Оған жат зорлық, қулық, арбап-алдау. Арамдық, жалғандықты ол сүймейді, Мақсаты таза жүрек –арды жақтау. Махаббат, мейірім, ынсап, қанағаттық, Ар, ұят, қайрат, жігер, сабыр, сақтық. Таза ой, таза ақыл, таза ниет, – Сақтайтын осыларды жүрек – сандық.
Hide player controls
Hide resume playing