Әлемдік статистикада бүйректің созылмалы ауруы өлімге алып келетін алтыншы себеп екені көрсетілген. Жалпы бүйрек дертіне шалдыққандардың саны – 850 миллион болса, жыл сайын олардың 2,4 миллионы өмірімен қош айтысады. Қазақстанда да бұл дерттің шырмауына түсіп, шырылдап жүрген жандар жетерлік. Сонымен, бүйрек – зәр өндіріп, оны несеп жолдары арқылы сыртқа шығарумен айналысады. Ағзадағы зат алмасу кезінде пайда болған сұйықтық пен токсиндерді сүзгіден өткізіп, зәрмен бірге айдап жібереді. Сол сияқты қанның қышқылын арттырмаудың алдын алатын қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті реттеп отырады. Бүйрек артериялық қысымды қалыпты ұстап, грмондарды өндіруге ат салысады. #денсаулық #здоровья #печень #почка #почки #народнаямедицина
Hide player controls
Hide resume playing