Халия Шыныбаева Сириядағы сойқанды көзімен көріп, бүгінде жүзін жасырмай сұхбат беріп жүр. Тұрмысқа ерте шыққан. Бірақ, жолдасымен дәм тұздары жараспапты. Шиіттей 4 баламен жалғыз қалды. Қара жұмыстан арланбады. Базарда сауда жасап жүріп, көңіл білдірген азаматқа тұрмысқа шығады. Ондағысы бала-шағамның қорғаны болсын деген ой еді. Бірақ, радикалды көзқарасты ұстанған азамат апамызды Сирияға кетуге мәжбүрлейді. Діттегеніне жетіп тынған.
Hide player controls
Hide resume playing