Текст: Біз үшін суалтып жанарын, Біз үшін маңдайға салды айғыз. Тоғыз ай көтерген ананың, Бір сөзін көтере алмаймыз. Мәз болып бес күнгі тірлікке, Көңіліне қаяу-мұң салдық па? Әкенің қадірін білдік пе? Ананы аялай алдық па? Қайрмасы: Жанарын жасқа толтырып жыламасын, Көрмесін ұл мен қызының мұң наласын. Ардақтап ата-анаңның біл бағасын, Олардың бақыты сен ғанасың. Жан әкең, жан анаң жаныңда, Аяла, құрметте барында. Біз үшін көз ілмей таңдарда, Тәңірден сұрады мол бақыт. Өмірін арнаған жандарға, Қимаймыз арнауға сәл уақыт. Осынау бес күнгі жалғанда, Олардай аяулы жан бар ма?
Hide player controls
Hide resume playing