Егіндікөл — бұл Астанадан небәрі 160 шақырым қашықтықтағы, Ақмола облысының оңтүстік-батысында жатқан шағын аудан. Халық саны шамамен 10 мыңға жуық. Бірақ соған қарамастан 21-ші ғасырда бүтін бір аудан ауыз сусыз отыр. Мәселерн, Спинидоновка ауылындағы тұрғындар суды сасық котлованнан тасиды. Мұндағылардың айтуынша, су мәселесі жалпы 30 жылдан бері шешілмей келеді. «Не болды,» редакциясы сасық су ішуге мәжбүр жұрттың тіршілігін көріп қайтты. #неболды #Егіндікөл #сасықсу Көруге ыңғайлы болу үшін: 00:00 Анонс 01:25 Кеңес одағында мұндай проблема болмаған 02:49 Әкім келді су берді, әкім кетті су бітті 04:06 Егіндікөлдің су бұрқағы 05:52 Светлана әже: соңғы 5 жылда су тасып шаршадық 08:41 Құбырлардың 99% істен шыққан 09:47 Спиридоновка ауылының тұрғындары: суды бөшкемен ұңғымадан алып ішеміз 13:20 Районның 9 депутаты бар, бірақ бізбен бірігейін деп отырған бір депутат жоқ 14:45 Жер асты суларының қоры жоқ 16:27 ТЖ жариялау туралы шешімді созбаймыз 17:23 Әкім: мәселені толық шешуге 1,5-2 жыл керек
Hide player controls
Hide resume playing