- Алматыда белсенділер қалалық сотқа, Нұр Отан партиясына барды. Президенттен көмек сұрады. Борышкерлер қайтыс болған серіктерін еске алуға тырысты. Ал прокурор оларға ескерту жасады; - Сарыағаштық кәсіпкерлер жергілікті биліктен жерлерін даулап жүр. Екі тарап енді аппеляциялық сотта жолықпақ. - Жемқорлық дауына ілігіп, президенттік өкілетінен айырылған Пак Кын Хе сотқа шақырылды. Прокуратура Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін тергеу кезінде қамауға алуды сұрайды.
Hide player controls
Hide resume playing